2026 жылғы 28 – 30 сәуірде институционалдық және мамандандырылған қайта аккредиттеу шеңберінде АЕО сыртқы сараптау комиссиясы Павлодар Жоғары медициналық колледжіне барды.

2026 жылғы 28-30 сәуірде «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасын қоса алғанда, медициналық колледждерді институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалау және білім беру бағдарламаларын бағалау үшін Сыртқы сараптау комиссиясы Павлодар Жоғары медициналық колледжіне барды. «Республикалық жоғары медициналық колледж» ЖШС «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Б.К. Зейнолдинаның төрағалығымен өткен Халықаралық комиссияның құрамына шетелдік сарапшысы – Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық білім беруді дамыту орталығының директоры, Денсаулық сақтау үздігі Д.С. Тухтасинова кірді. Сараптамау комиссиясының құрамына Қазақстанның жоғары медициналық колледждерінің оқытушылары, студент, практикалық денсаулық сақтау өкілі қатысты. Қайта аккредиттеу шеңберінде сыртқы бағалау жүргізілді және колледж өз бастамасы бойынша халықаралық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне мамандандырылған бағалаудан өтті.

Авторизация (kz)
Главное меню
Вход
Авторизация (kz)