Стратегиялық жоспар
АЕО-НЫ ДАМЫТУДЫҢ 2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1. Аккредиттеу орталығының қызмет сапасын қамтамасыз ету және оның тұрақты дамуын қолдау
Міндеттері:
1.1 Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігіндегі сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен басшылық принциптерін (ESG Part 1) ескере отырып ішкі сапаны қамтамасыз ету;
1.2 ҚР ҒЖБМ және ҚР ОАМ Ұлттық аккредиттеу органдарының реестрінде танылған аккредиттеу органының мәртебесін сақтау;
1.3 АЕО халықаралық имиджін дамыту және беделін нығайту;
1.4 Еуразиялық білім беру кеңістігінің елдерінде аккредиттеу орталығының қызметін танымал ету;
1.5 АЕО мен мүдделі тараптар арасындағы құрылымдық және тиімді өзара әрекетті қамтамасыз ету;
1.6 Білім беру ұйымдары мен бағдарламаларын аккредиттеу бойынша шешім қабылдауда тәуелсіздікті қамтамасыз ету;
1.7 Сарапшылар кеңесінің қызметін жетілдіру;
1.8 АЕО қызметінің нәтижелерін тұрақты талдау жүргізу;
1.9 АЕО-ның кезеңдік сыртқы бағалауын бастамалау.
1.10 Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу.
2. Аккредиттеу орталығының материалдық-техникалық базасын және кадрлық әлеуетін дамыту
Міндеттері:
2.1 Материалдық-техникалық базаны нығайту;
2.2 Жаңа міндеттерді ескере отырып ұйымдастырушылық құрылымды оңтайландыру;
2.3 Қызметкерлер санын көбейту;
2.4 Қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
2.5 Қызметкерлер мен сарапшылардың біліктілігін арттыру;
2.6 АЕО қызметін қамтамасыз ететін процестерді цифрландыру.
3. Білім беру сапасын қамтамасыз етудің озық халықаралық тәжірибесін ескере отырып, аккредиттеу рәсімдерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру
Міндеттері:
3.1 Мүдделі тараптардың пікірлерін, заңнама мен ережелердегі өзгерістерді және білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарының жаңа басылымдарын ескере отырып, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарын мерзімді түрде қарау және жаңарту;
3.2 Қызметті және аккредиттеу процесін қамтамасыз ету үшін әдістемелік құжаттаманы тұрақты түрде жаңарту;
3.3 Сыртқы бағалау және аккредиттеу нәтижелері бойынша пікірлер мен кері байланысты жинаудың ресми механизмдерін енгізу;
3.4 Аккредиттеу процесін үздіксіз жетілдіру үшін тақырыптық талдау жүргізу және нәтижелерін мүдделі тараптарды хабардар ету үшін жариялау.
4. Құзыреттілік моделіне сәйкес аккредиттеу сарапшыларының әлеуетін дамыту
Міндеттері:
4.1 Аккредиттеу бойынша сарапшылар базасын кеңейту;
4.2 Аккредиттеу сарапшыларына қойылатын талаптарды ескере отырып, әртүрлі санаттағы сарапшылар (оқытушылар, менеджерлер, студенттер, жұмыс берушілер) үшін тұрақты оқыту жүргізу және сыртқы бағалау рәсімін жетілдіру;
4.3 Аккредиттеу кеңесі мүшелерін оқытуды өткізу жиілігі;
4.4 Сыртқы сарапшылық комиссиялардың төрағаларының әлеуетін дамыту.
5. Халықаралық сапа желілерінде (ENQA, EQAR, APQR, WFME) аккредиттеу орталығының мәртебесінің халықаралық деңгейде танылуы және тұрақтылығын қамтамасыз ету
Міндеттері:
5.1 АЕО мүшелігін халықаралық білім сапасын қамтамасыз ету желілерінде және тіркелімдерде қолдау, Болон процесін білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы міндеттерді іске асыру аясында және шетелдік медициналық мектептер түлектері бойынша Комиссия (ECFMG) талаптарын орындау;
5.2 Қазақстан Республикасында, Өзбекстан Республикасында және Тәжікстан Республикасында дәрігерлердің үздіксіз кәсіби дамуы (ҮКД) бойынша ДМБФ халықаралық тануын алу;
5.3 Жоғары білімнен кейінгі білім (резидентура) бойынша ДМБФ халықаралық тануын алу;
5.4 Медицина білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеу үшін Еуразиялық білім беру кеңістігінің басқа елдеріне шығу;
5.5 Білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының трансұлттық аккредиттеуін жүргізу;
5.6 Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз етуге арналған халықаралық желілер мен ассоциациялардың жыл сайынғы іс-шараларына қатысу.






