2026 жылғы 18-19 наурызда «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Симуляциялық орталығына Халықаралық сыртқы сараптау комиссиясының сапары өтті.

2026 жылғы 18-19 наурызда медицина мен денсаулық сақтаудағы оқу-симуляциялық орталықтардың аккредиттеу стандарттарына және өзін-өзі бағалау рәсімдеріне сәйкестігін институционалдық бағалау шеңберінде «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Симуляциялық орталығына Халықаралық сыртқы сараптау комиссиясының сапары өтті. Еуропалық қоғамның медицинаға қолданатын симуляциялар бойынша симуляцияларға және симуляциялық оқыту бағдарламаларына сараптамалық бағалау жүргізу әдіснамасына негізделген оқытудың халықаралық тәжірибесі негізінде (The Society in Europe for Simulation Applied to Medicine/SESAM), Дания және Денсаулық сақтаудағы симуляциялық бағдарламалардың аккредиттеу комитеті Медициналық көмек көрсетудегі симуляция жөніндегі қоғам (Committee for Accreditation of Healthcare Simulation Programs) (Society for Simulation in Healthcare/SSH), АҚШ-тың медициналық, мейіргерлік білімнің, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің институционалдық қажеттіліктеріне және басымдықтарына сәйкес Стандарттар әзірленген.

Төраға Касенова Асемгуль Сапаровна, MD, PhD философия докторы, жоғары біліктілік санатындағы невролог - дәрігер, неврология кафедрасының доценті, «Астана медицина университеті» КЕАҚ Үздіксіз кәсіби даму институтының директоры Комиссияны басқарды. Сараптамаға халықаралық сарапшы - Юрий Саратила, PhD, Адъюнкт-Профессор - Медициналық оқытудағы симуляция университеті орталығы, жоспарлау, білім беру бағдарламалары және бағалау жөніндегі бастықтың орынбасары - Николай Тестемитану атындағы Медицина университеті қасындағы Медициналық білім берудегі модельдеу университеті орталығы, Кишинев қ. Молдова Республикасы. Комиссия құрамында симуляциялық білім беру бойынша сарапшы Шынтас Қасым Мәлікұлы, МВА, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК оқу-симуляциялық орталығының басшысы, жұмыс беруші және резидент болды.

АЕО-да Симуляциялық орталық алғаш аккредиттелген және 2026 жылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушы студенттерді және біліктілікті арттыру бағдарламаларының тыңдаушыларын оқытуды жүзеге асыру үшін қайта аккредиттеу рәсімінен өтуде.

Авторизация (kz)
Главное меню
Вход
Авторизация (kz)