2026 жылғы 21 – 22 қаңтарда Қосымша және бейресми білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу (ҮКД) стандарттарына сәйкестігін бағалау шеңберінде сараптау комиссияның сапарымен «Қазақстан Дезинфекционистер Одағы» ӨРҰ ЗТБ-да сыртқы бағалау жүргі

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық Университеті» КЕАҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргерлік іс курсымен» кафедрасының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты, MBI, қауымдастырылған профессор, «Қоғамдық денсаулық сақтау» МУК төрағасы Л.С. Ермұханованың төрағалық етуімен және шетелдік сарапшысы Г.А.

Ташпулатова медицина ғылымдарының докторы, Санитария ғылыми - зерттеу институтының ғылыми хатшысы, Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласы медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін дамыту орталығының Гигиена және радиациялық қауіпсіздік кафедрасының доценті, физикалық факторлар ғылыми зертханасының меңгерушісі және қазақстандық сарапшылардың, тыңдаушылардың, жұмыс берушінің қатысуымен сыртқы сараптау комиссиясы өтті.

Сарапшылар сапарының бағдарламасына сәйкес дезинфекция, дезинсекция, дератизация саласындағы білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында сала мамандарының біліктілігін арттыру, сертификаттау курстары және бейресми оқыту түрлері бойынша білім беру қызметін бағалау жүргізілді.

Оқытуды Қазақстанның әр өңірінен келген эпидемиологтар, дезинфекторлар, зертхана өкілдері мен компания басшылары жүргізеді. Бұл бағалау қайта аккредиттеу шеңберінде жүргізілді.

Авторизация (kz)