2025 жылдың 17-19 қарашасында “University Medical Center” Корпоративтік қорында мамандандырылған аккредиттеу аясында сыртқы сарапшылар комиссиясының сапары

2025 жылғы 17–19 қараша аралығында Корпоративтік қор «University Medical Center» мамандандырылған аккредитациясы аясында халықаралық Сыртқы эксперттік комиссияның сапары өтті. Комиссия төрағасы – Моренко М.А., медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Астана медицина университеті» КеАҚ №1 Балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас балалар аллерголог-иммунологы, Еуропалық Аллергологтар және клиникалық иммунологтар академиясының мүшесі, Еуразиялық педиатрлар және неонатологтар қауымдастығының мүшесі.

Сапарға сондай-ақ халықаралық (шетелдік) сарапшылар қатысты: Енчев Явор Петков, медицина ғылымдарының докторы, нейрохирургия профессоры, Варна медицина университетінің Нейрохирургия және ЛОР-аурулары кафедрасының меңгерушісі, Варна медицина университетінің «Св. Марина» университеттік клиникасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі (Варна қ., Болгария), Болгария нейрохирургтар қоғамының (BSNS) вице-президенті, Болгария балалар нейрохирургиясы қоғамының (BSPNS) президенті; сондай-ақ Ахвледиани Л.Т., профессор, медицина ғылымдарының докторы (MD, PhD), медицина факультетінің деканы, БАУ Батуми халықаралық университетінің профессоры, Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университетінің доценті, Грузия Республикасы. Сыртқы эксперттік комиссия ВФМО-ның Нұсқаулық қағидаларына сәйкес құрылып, академиялық қауымдастық өкілдерін, резидент-сарапшыны, докторант-сарапшыны және жұмыс беруші сарапшыларды қамтыды. Корпоративтік қор «University Medical Center» Аккредиттеудің Еуразиялық орталығы әзірлеген, 2023 жылғы ВФМО Халықаралық стандарттары негізіндегі резидентура бағдарламаларының сапасын жақсарту жөніндегі талаптарға сәйкестігі бойынша қайта аккредиттеуден өтуде. «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторантура бағдарламасы алғашқы аккредиттеуден өтуде.

Сыртқы бағалау бағдарламасына басшылық құраммен, оқытушылармен және тәлімгерлермен кездесулер, резиденттермен және оқытушылармен сұхбаттар, практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерімен кездесулер, семинарларға қатысу, резидентура және докторантура бағдарламаларының материалдық-техникалық ресурстарын шолу, мүдделі тараптарды сауалнамаға тарту, жұмыс берушілермен кездесулер және құжаттаманы зерделеу кірді.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)