«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ институционалдық аккредиттеу аясында 2025 жылғы 12–14 қарашада өткен Сыртқы эксперттік комиссияның сапары

2025 жылғы 12–14 қараша аралығында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ институционалдық аккредитациясы шеңберінде Сыртқы эксперттік комиссияның сапары өтті.

Комиссия төрағасы – Кауышева А.А., медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.

Сапарға сондай-ақ шетелдік сарапшы Саттаров Ж.Б., медицина ғылымдарының докторы, «Госпитальдық балалар хирургиясы және балалар онкологиясы» кафедрасының доценті, Ташкент мемлекеттік медицина университетінің Білім сапасын бақылау басқармасының басшысы, жоғары санатты хирург қатысты.

Сыртқы эксперттік комиссия ВФМО Нұсқаулық қағидаларына сәйкес құрылып, академиялық қауымдастық өкілдерін, резидент-сарапшыны және жұмыс беруші сарапшыны қамтыды. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Аккредиттеудің Еуразиялық орталығы әзірлеген, ВФМО медициналық білім сапасын жақсарту жөніндегі халықаралық стандарттары негізіндегі жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының институционалдық аккредитация стандарттарына сәйкестігі бойынша қайта аккредиттеуден өтуде.

Сыртқы бағалау бағдарламасына басшылық құраммен, нейрохирургия және нефрология кафедрасының оқытушыларымен кездесулер, резиденттермен, оқытушылармен және практикалық денсаулық сақтау өкілдерімен сұхбаттар, оқу сабақтарына қатысу, резидентура бағдарламалары мен НПР бағдарламалары тыңдаушылары үшін арналған ресурстарды шолу, сондай-ақ құжаттаманы зерделеу кірді.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)