2025 жылғы 28–29 сәуір аралығында халықаралық сыртқы сараптамалық комиссия «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС резидентура мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын бағалады.
Комиссия төрағасы – профессор, онкохирург-дәрігер, Қарағанды медицина университетінің «Онкология және сәулелік диагностика» кафедрасының меңгерушісі Кабилдина Н.А., сондай-ақ Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары, резидент және медициналық ұйымның өкілі қатысты.
Халықаралық сарапшы – Станжевский А.А., медицина ғылымдарының докторы, академик А.М. Гранов атындағы Радиология және хирургиялық технологиялар бойынша Ресей ғылыми орталығының ғылыми жұмыс жөніндегі директор орынбасары, орталық пен басқа да медициналық мекемелерде сәулелік визуализация саласы бойынша оқытушы (Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы). Еуропалық радиологтар қоғамының мүшесі, Еуропалық ядролық медицина қауымдастығының ассоциативті мүшесі.