2019 жылдың 6-7 ақпанында АЕО сыртқы сарапшылық комиссиясы (ССК) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу шеңберінде «жалпы медицина», «стоматология», «қоғамдық денсаулық сақтау» және «фармация» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының сырттай бағалау жүргізу үшін ҚазМҮББУ-де сапарда болды. ССК төрағасы ҚР Ғылыми фтизиопульмонологиялық орталығының директорының орынбасары, м.ғ.д., Л.Т. Ералиева болды. Шетел сарапшысы ретінде Еревандық мемлекеттік медициналық университетінен келген Григорян Артем Сергеевич болды.
Ұлттық академиялық сарапшылар – «Қазақстан-Ресей медицина университетінің» профессоры, м.ғ.д., Б.Ж. Салимгереева; Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, м.ғ.к., Л.С.Ермуханова; «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті, м.ғ.к., А.О.Мырзагулова; АҚ «Ұлттық медициналық университеті» К.С.Жакипбеков; АҚ «Астана» медициналық университеті, м.ғ.к., Т.К. Алдабергенова;
Сарапшы – тәжірибелік денсаулық сақтау өкілі
– Алматы қаласының Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының дәрігері, магистр А.А. Айтжанова; Сарапшылар – білім алушылар - «Қазақстан-Ресей медицина университеті» Д.Е. Джангарашева және АҚ «Ұлттық медициналық университеті» Р.С. Дощанова жұмыс жасады.