Білім беруді және денсаулық сақтауды сапамен қамтамасыз ету және  Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы» КЕМ Аккредиттеу бойынша сыртқы сарапшысының этикалық КОДЕКСІ

Кодекс, медициналық білім беру ұйымына сарапшылық қызметті атқару барысында денсаулық сақтау және Білім беруді және денсаулық сақтауды сапамен қамтамасыз ету және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының жүргізу ережесін орнатады.

Сыртқы сарапшының қызметі медициналық білім беру ұйымының немесе білім беру бағдарламаларының дұрыстығын, толық қамтылғанын бағалауға және Білім беруді және денсаулық сақтауды сапамен қамтамасыз ету және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының (ары қарай - АЕО) стандарттарына сәйкес аккредиттеу аясында сыртқы саралауды жүргізуге бағытталған.

Сыртқы сарапшы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, медициналық білім беру ұйымдарына, ғылыми орталықтарға, медицина және фармация бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдарға аккредиттеуді өткізу бойынша АЕО-ның басшылықтары мен ережелеріне, институционалды және мамандандырылған аккредиттеуді өткізу стандарттары мен көрсеткіштеріне сәйкес өз қызметін атқарады.

 

Сарапшының жүріс-тұрысының этикалық нормалары мыналарды қамтиды:

  1. Сыртқы сарапшылық комиссиясының құрамына қосудың алдында АЕО-ны комиссия жұмысына қатысуға кедергі жасайтын жағдайлармен хабардар етуге міндетті.
  2. Медициналық білім беру ұйымында сыртқы саралауды жасау барысында сыртқы сарапшы АЕО-мен табысталған өзінің өкілеттілігінен жоғары істерді атқармайды. 
  3. Сарапшы өзінің қызметтерін сыртқы сарапшылық комиссиясының құрамында сапалы атқаруға және қорытынды есебін жасау үшін өзіндік бағалау нәтижелерін бағалаудың объективті әрі толықтығын кепілдендіре отырып материалдарды АЕО-ға өз уақытында өткізуге міндетті.
  4. Сарапшы аккредиттелетін білім беру ұйымының қызметкерлерімен және басқа да сыртқы сарапшылармен қатынас жасауда этикалық нормаларды сақтауы керек  және оларға ар-намысқа тиетін пікірлер мен айтуларды бағыттамауы керек. 
  5. Сарапшы АЕО сыртқы сарапшылық комиссиясының құрамында жұмыс жасау барысында алынған барлық ақпараттардың құпия болуын сақтауға міндетті.
  6. Сарапшыға аккредиттелетін білім беру ұйымының қызметкерлерінен және басқа да тұлғалардан кез-келген түрдегі сыйлықты алуға тиым салынады. 
  7. Сарапшы АЕО-ның сарапшылары және оның қызметі туралы қоғамның оң пікірін қалыптастыруға ынталануы керек.

 

 Берілген Кодекстің талаптарын орындамау, ол сарапшымен қатынасты үзуге әкеліп соғады.   Берілген Кодекс жалпыға қол жетімді әрі көпшілік болып табылады және аккредиттеу үдерісіне тартылатын барлық сарапшылардың танысуын талап етеді.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)