admin

admin

2021 жылдың, 2 желтоқсанында Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы (АЕО) “Еуропалық жоғары білім кеңістігінде сапамен қамсыздандыру стандарттары мен нұсқаулықтар (ESG 2015): кіріспе және интерпретация” атты вебинар өткізді.

Арнайы шақыртылған спикер Ронни Хайнс (Ronny Heintz), Білім беру бағдарламаларының сапамен қамсыздандыру және аккредиттеу агенттігінің (AQAS) аға кеңесшісі сөз сөйледі.

Вебинарға тіркелген қатысушылар саны 115 - оның ішінде Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Оңтүстік Кореяның білім беру ұйымдарының өкілдері болды.

Вебинардың мақсаты: білім беруді сапамен қамсыздандырудағы ESG рөлін және оны білім беру ұйымдарын аккредиттеу процесінде қолдануды түсіндіру арқылы АЕО аккредиттеу сарапшыларының әлеуетін арттыру.

Сондай-ақ вебинарда білім берудің сапасын сыртқы бағалаудағы шетелдік сарапшылар мен студенттер өкілдерінің рөлі талқыланды және аккредиттеуді өткізудегі Германия тәжірибесі ұсынылды. Ронни Хайнс ESG 2 және 3 бөлімдеріне қысқаша шолу жасап, 1 бөлімге көбірек тоқталды.

Вебинардың жазбасы https://drive.google.com/file/d/1QfzhGhLEcM7FGc3fK02q6b3AShNCs-SW/view?usp=sharing

АЕО іс-шараларын жіберіп алмас үшін әлеуметтік желілердегі парақшаларына тіркеліңіз @ecaqa_org (Facebook, Instagram, Twitter).

2021 жылдың 18-19 қарашасында Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы (АЕО) сапамен қамсыздандыру жайлы халықаралық онлайн форумға қатысты. Іс-шара ұйымдастырушысы Еуропадағы жоғары білімнің негізгі мүдделі тарапы болып табылатын Е-4 тобы. Е-4 Еуропалық Университеттер Ассоциациясынан (EUA), Жоғары білім беруді сапамен қамсыздандыру бойынша Еуропалық ассоциациясы (ENQA), Еуропалық жоғары білім беру мекемелерінің қауымдастығы (EURASHE) және Еуропалық Студенттер Одағынан (ESU) құралған. Форумының тақырыбы «Сенімді құру және нығайту: ақпараттардан дәлелдерге». Іс-шараның спикерлері Еуропалық сапамен қамсыздандыру агенттіктерінің бірінші басшылары мен кеңесшілері және жоғары оқу орындарының профессорлары болды.

Спикерлер мен форумға қатысушылар жоғары білімді цифрландыру және мүдделі тараптарды тарту арқылы аккредиттеу процесіне сенім қалыптастырудың маңыздылығын талқылады. Қызықты пікірталастармен қатар әлемнің әр түкпірінен келген қатысушылар платформаның сан түрлі функционалдық мүмкіндіктерінің арқасында нетворкингді кеңейту мүмкіндігіне ие болды.

АЕО 600-ден астам қатысушылардың басын қосқан осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Еуропалық қауымдастықтарға алғысын білдіреді.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu