Andrey

Andrey

2020 жылдың 9 маусымынан 3 шілдесіне дейін 54 академиялық сағат көлемінде сертификат берумен, Білім беруді, денсаулық сақтауды сапасын қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы (ECAQA) «Базалық және дипломнан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімді аккредиттеу бойынша сарапшыларды кәсіби даярлау» тақырыбында медициналық және фармацевтикалық білімді аккредиттеу бойынша сарапшылардың біліктілігін арттырудың он-лайн циклін өткізді.

Оқуға Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтары мен институттарының қызметкерлері – 23 адам қатысты. Он-лайн сессиялардың барлық бейнежазбалары ECAQA ютуб арнасында орналастырылған, оған қатысушылар қол жеткізе алады.

2020 жылдың 24 маусымында «Білім беруді, денсаулық сақтауды сапасын қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы» (ECAQA) Дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясының (ДМББФ/WFME) онлайн семинарына қатысты.

2020 жылдың 23 маусымында «Білім беруді, денсаулық сақтауды сапасын қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы» (ECAQA) жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктері Халықаралық желісінің дүниежүзілік вебинарына қатысты (INQAAHE). INQAAHE вебинарлар сериясы «Онлайн форматта сараптамалық бағалау: тәжірибелік ұсыныстар мен шешімдер» атты ортақ атаумен өтеді.

2020 жылдың наурыз айында Молдова Республикасы. Білім беру мен зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету ұлттық агенттігі (ANACEC) және Қазақстан Республикасы, Білім беруді, денсаулық сақтауды сапасын қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық орталығы (АЕО/ECAQA) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. http://www.anacip.md/index.php/en/home-en-gb/missions

Ынтымақтастық салалары болып табылады:
  • Білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын сырттай бағалау және аккредиттеу бойынша тәжірибе алмасу;
  • Аккредиттеу бойынша сыртқы сараптау комиссияларының құрамына аккредиттеу бойынша сарапшыларды тағайындау;
  • Білім беру және аккредиттеу сапасын қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс- шаралар өткізу;
  • Білім берудегі аккредиттеу мәселелері бойынша бірлескен Жарияланымдар дайындау;
  • Серіктес ұйымдастыратын іс- шараларға қатысу;

Молдова Республикасының Білім, мәдениет және ғылым министрлігіне тәуелді,

ANACEC әкімшілік органы болып табылады.

ANACЕC миссиясы-Молдова Республикасының білім берудің бәсекеге қабілеттілігін және әлеуметтік тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін үздік халықаралық тәжірибелер мен сапа стандарттарына бағдарланған білім беру мен зерттеулердің барлық деңгейлерінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру.

ANACEC мақсаты, білім беру мекемелері мен білім беру бағдарламаларын сыртқы бағалау мен аккредиттеудің интеграцияланған, сенімді, объективті және ашық жүйесін, зерттеулер мен инновациялар саласындағы ұйымдарды сыртқы бағалауды, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды бағалауды, Молдова Республикасының кәсіптік және үздіксіз білім беруді қоса алғанда, білім берудің барлық деңгейлерінің сапасын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu