Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы (АЕО) 2025 жылғы 22–24 қазанда Бельгияның Брюссель қаласында өткен Еуропалық білім беру сапасын қамтамасыз ету қауымдастығының (ENQA) Бас ассамблеясына қатысты. Іс-шара ENQA-ның 25 жылдық мерейтойына арналды. АЕО Аккредиттеу кеңесінің мүшесі профессор Ералиева Ляззат бұл жиында 160-тан астам делегаттың қатарында болды.
Бас Ассамблеяның күн тәртібіне жаһандық контексте сапаны қамтамасыз етудің сенімді еуропалық эталондары ретінде ESG мәселелерін, сондай-ақ аймақаралық диалог пен қазіргі тәжірибенің құндылығын талқылау кірді. Қатысушылар сапаны қамтамасыз етудің Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі (EHEA) міндеттемелерін іске асырудағы рөлін саясат пен практика тұрғысынан талқылады, сондай-ақ ESG стандарттарын қайта қарау барысы туралы жаңартылған ақпаратпен танысты.
Баяндамашылар сыртқы сапаны қамтамасыз ету үдерістеріне мүдделі тараптарды тарту тәжірибесімен бөлісіп, ENQA-ның тәжірибе алмасу, инновацияларды дамыту және ынтымақтастықты нығайту жөніндегі агенттіктер қауымдастығын қалыптастырудағы рөлін атап өтті. ENQA Президенті Douglas Blackstock төрағалығымен өткен Бас ассамблея Фламандиялық жоғары білім беру және сапаны қамтамасыз ету кеңесінің (VLUHR QA) және Бельгияның жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттігінің (AEQES) белсенді серіктестігімен ұйымдастырылып, өткізілді.






