2026 жылғы 28–30 қаңтарда
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетіне Халықаралық сыртқы сараптау комиссиясының сапары өтті және білім беру бағдарламаларын институционалдық және мамандандырылған бағалауды (магистратура, PhD докторантура, резидентура) қамтыды.
Профессор А.В. Балмұханованың төрағалығымен және халықаралық сарапшылардың қатысуымен:
Peter Wushou Chang, MD, MPH, ScD, FRCP, FPH профессоры, Еуропалық комиссияның тәуекелдерді бағалау жөніндегі консультативтік комитетінің ғылыми сарапшысы, Корольдік дәрігерлер колледжінің мүшесі (FRCP, Ұлыбритания) және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы Fellow (FPH, Ұлыбритания), Денсаулық саласындағы халықаралық сауаттылық қауымдастығының вице-президенті;
профессор Йорданка Узунова, Лозенец университеті ауруханасы педиатрия клиникасының басшысы, «Святой Климент Охридский» университеті медицина факультеті деканының орынбасары (София, Болгария), Болгар педиатрия қауымдастығының, Бауыр трансплантациясы жөніндегі халықаралық қоғамның, Ағзаларды трансплантациялау бойынша Еуропалық қоғамның мүшесі;
сондай-ақ Қазақстан университеттерінде оқитын білім алушылар, академиялық сарапшылар мен сарапшы-жұмыс берушілер қатысты.
Комиссия 2020 және 2023 жылдардағы Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясының медициналық білім сапасын жақсартудың халықаралық стандарттары негізінде әзірленген аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне
Университеттің институционалдық қызметіне және оның білім беру бағдарламаларына бағалау жүргізді.
Бағалау өзін-өзі бағалау бойынша есептерді валидациялауға және сандық және сапалық көрсеткіштерді верификациялауға бағытталған іс-шараларды қамтыды және бағдарламаға сәйкес жүргізілді.






