Мамандандырылған аккредиттеудің стандарттары
Медициналық білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттары
Базалық (2020), дипломнан кейінгі (резидентура) (2023) медициналық білім беру сапасын жақсарту бойынша халықаралық стандарттар, ORPHEUS, AMSE және ВФМО Еуропадағы биомедицинада және денсаулық туралы ғылымдарда білім берудің PhD халықаралық стандарттары, Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясының (ДМБФ) медицина және денсаулық сақтау магистратурасы (2016) негізінде Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық орталығы (АЕО) Медициналық білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттарын әзірледі. Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттары аккредиттеу жүргізілетін елдердің ұлттық және институционалдық қажеттіліктері мен денсаулық сақтау жүйесінің басымдықтары ескеріле отырып, Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігінде (ESG/PartI) Стандарттармен және сапаны қамтамасыз етудің нұсқаулық қағидаттарымен үйлестірілген.
|
Базалық медициналық білім берудің білім беру бағдарламасын аккредиттеу стандарттары. |
Денсаулық сақтаудағы PhD білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттары. |
|
Медициналық білім беру ұйымдарының «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын аккредиттеу стандарттары. |
|
|
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру бағдарламасын аккредиттеу стандарттары: клиникалық резидентура (РТ) |
Өзін - өзі бағалау, білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі білім беру бағдарламаларын сырттай бағалау және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын - университеттерді, институттарды, академияларды, ғылыми орталықтарды, ғылыми - зерттеу институттарын мамандандырылған аккредиттеу үшін Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттары қолданылады.
Жоғары медициналық колледждердің, медициналық колледждердің, ТжКБ ұйымдарының білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттары.
Медициналық колледждердің білім беру бағдарламаларын (ТжКБ, орта білімнен кейінгі білім беру) аккредиттеу стандарттары Денсаулық сақтау - 2020 саясатының мақсаттарына қол жеткізу үшін медициналық білім беру сапасын жақсарту бойынша халықаралық стандарттар, ДДСҰ/мейіргерлік білім беруді дамыту бойынша Еуробюро бағдарламалық құжаттары: Еуропадағы мейіргер және акушерлік істі нығайтудың стратегиялық бағыттары негізінде әзірленді; Кәсіби мейіргерлер мен акушерлерге бастауыш білім берудің жаһандық стандарттары, ЕС 2013/55/ЕС кәсіби біліктілікті тану бойынша Директивалары, сондай-ақ нормативтік - құқықтық актілерге, ұлттық қажеттіліктерге және елдің техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің басымдықтарына сәйкес.
Білім беру бағдарламаларын өзін - өзі бағалау, сыртқы бағалау және жоғары медициналық колледждер мен медициналық колледждерді мамандандырылған аккредиттеу үшін Аккредиттеу стандарттары қолданылады.
Стандарттарды сараптамалық кеңес әзірлейді және бекітеді және АЕО бас директорының бұйрығымен қолданысқа енгізіледі.






