АЕО сыртқы сараптама комиссиясы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-ны жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне бағалады. Сондай-ақ комиссия 8 резидентура бағдарламасын резидентура бағдарламаларын аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне бағалады. Бұл стандарттар WFME-нің жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру сапасын жақсарту жөніндегі 2023 жылғы Жаһандық стандарттары негізінде әзірленген.
Халықаралық сараптама комиссиясына профессор М.А. Моренко төрағалық етті. Ол «Төрелегді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті» КеАҚ №1 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас балалар аллерголог-иммунологы, Еуропалық аллергологтар және клиникалық иммунологтар академиясының мүшесі, Педиатрлар мен неонатологтардың Еуразиялық қауымдастығының мүшесі.
Комиссия жұмысына шетелдік академиялық қауымдастықтың өкілдері белсене қатысты:
профессор Христо Шивачев, м.ғ.д., Балалар хирургиясы клиникасының меңгерушісі, София қаласындағы Пирогов атындағы ауруханадағы балалар хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, Болгария Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас кеңесшісі, Болгарияның Ұлттық бағалау және аккредиттеу агенттігінің сарапшысы;
Жамолиддин Саттаров, м.ғ.д., госпитальдық балалар хирургиясы, балалар онкологиясы кафедрасының доценті, Ташкент мемлекеттік медицина университетінің Білім беру сапасын бақылау басқармасының басшысы, Өзбекстан Республикасы.
СҚК құрамына сондай-ақ еліміздің медициналық ЖОО-ларының өкілдері болып табылатын қазақстандық аккредиттеу жөніндегі сарапшылар, резидент-сарапшылар және жұмыс берушілер кірді.
«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ институционалдық және бағдарламалық қайта аккредиттеуден, сондай-ақ педиатриялық бағыттағы жаңа мамандықтар бойынша 5 резидентура бағдарламасын алғашқы аккредиттеуден өтуде.






