2026 жылғы 15–16 қыркүйекте «Ермен clinic» ЖШС-нің институционалдық аккредиттеу рәсімі аясында сыртқы сарапшылар комиссиясының сапары өтті.

Сапардың мақсаты - «Ермен clinic» ЖШС қызметінің қосымша және бейресми білім беру ұйымдарына (үздіксіз кәсіптік даму) арналған институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалау.

«Ермен clinic» ЖШС қайта аккредиттеу рәсімінен өтуде, себебі 2021 жылы басқа аккредиттеу органы тарапынан аккредиттеуден өткен. «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС Білім беру департаментінің басшысы А.А. Жұқубаева жетекшілік еткен сыртқы сарапшылар комиссиясының бағалауы денсаулық сақтау мамандарына арналған бейресми білім беру мәселелеріне басымдық берді. Комиссия құрамына сондай-ақ медицина ғылымдарының докторы, Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін дамыту орталығының отбасылық медицина және кәсіптік аурулар кафедрасының меңгерушісі Г.С. Халимбетов кірді.

Авторландыру
Главное меню
Вход
Авторландыру