Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының (АЕО) ғылыми кеңесшісі Фарида Нурманбетова «Оқыту мен профессор-оқытушылық құрамның өзара байланысы: жоғары білім беру сапасын арттырудағы серіктестік» тақырыбындағы халықаралық іс-шараға қатысты.
Конференция Nazarbayev University-дің 15 жылдығы аясында өткізілді. Ол оқыту мен оқудағы инновациялық тәсілдерді, академиялық көшбасшылықты және жоғары білім сапасын арттыру мәселелерін талқылауға арналған халықаралық алаң болды. Іс-шара бағдарламасында білім берудегі жасанды интеллектіні пайдалану, инновациялық педагогикалық тәжірибелер, цифрлық трансформация, инклюзивті оқыту, академиялық көшбасшылық және профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби дамуы мәселелері талқыланды.
Конференцияны NU Білім беру жоғары мектебі (Graduate School of Education, GSE), Advance HE (Ұлыбритания), QAA (Ұлыбритания), NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебі, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Медицина мектебі және NU Дайындық оқу орталығы ұйымдастырды.






