2026 жылғы 5–7 қазанда Еуразиялық аккредиттеу орталығының (ЕАО) халықаралық сарапшылар комиссиясы Армения Республикасының Гюмри қаласындағы «Прогресс» университетінің медициналық колледжіне институционалдық бағалау аясында сыртқы сапар жасады.

Сыртқы сарапшылар комиссиясының (ССК) төрайымы - Қазақстан Республикасының өкілі, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Жоғары медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Л.Д. Әлібекова. Комиссия құрамына жұмыс беруші-сарапшы, студент-сарапшы, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның медициналық колледждерінің өкілдері болып табылатын академиялық сарапшылар кірді.

«Прогресс» университетінің медициналық колледжінде АЕО әзірлеген медициналық колледждерді институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалау жүргізілді. Аталған стандарттар Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының (WFME) базалық медициналық білім беру сапасын арттыру жөніндегі халықаралық стандарттарына; Еуропалық жоғары білім беру кеңістігіндегі сапаны қамтамасыз етудің стандарттары мен нұсқаулықтарына (2015); Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының мейіргерлік білім беруді дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттарына, соның ішінде «Денсаулық-2020» саясатының мақсаттарына қол жеткізу үшін Еуропадағы мейіргерлік және акушерлік істі нығайтудың стратегиялық бағыттарына және кәсіби мейіргерлер мен акушерлерді бастапқы даярлаудың жаһандық стандарттарына, сондай-ақ кәсіби біліктіліктерді тану туралы Еуропалық Одақтың 2013/55/EU директивасына негізделген.

Authorization
Главное меню
Вход
Authorization