7-10.12.2020 ж. АЕО сыртқы сараптау комиссиясы «University Medical Center» Корпоративтік Қорына барып, резидентураның 11 мамандығының білім беру бағдарламаларына бастапқы бағалау (initial accreditation) жүргізді.

Қарағанды медицина университетінің, Астана медицина университетінің, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының, Қазақстан-Ресей медицина университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Нейрохирургия ғылыми орталығының өкілдері Комиссия жұмысына қатысты.

Шетелдік сарапшылар ретінде:

ИВАНА ОБОРНА (IVANA OBORNÁ), медицина ғылымдарының докторы, профессор, Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясының аккредиттеу органдарын тану бойынша Асессоры (https://wfme.org/about-wfme/people/ivana-oborna/), Чехия Жоғары білім беруді аккредиттеу Ұлттық бюросының сарапшысы, Чехия-Америка үкіметтік ұйымының Фулбрайт комиссиясы төрағасының орынбасары, Палацкий университетінің (Palacky University) Халықаралық қатынастар бойынша проректоры, Оломоуц қаласындағы факультеттік клиниканың акушер-гинекологы (Olomouc).

ЗИНЧЕНКО РЕНА АБУЛЬФАЗОВНА, медицина ғылымдарының докторы, профессор, « Академик Н.П. Бочков атындағы Медициналық-генетикалық ғылыми орталық» ФМБҒМ директорының ғылыми-клиникалық жұмысы бойынша орынбасары, генетикалық эпидемиология зертханасының меңгерушісі, «МГҒО» ФМБҒМ базасында «генетика» (медициналық және биологиялық ғылымдар) мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша Д 001.016.01 диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu