Дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясының (ДМББФ/WFME) онлайн семинарына қатысты

2020 жылдың 24 маусымында «Білім беруді, денсаулық сақтауды сапасын қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы» (ECAQA) Дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясының (ДМББФ/WFME) онлайн семинарына қатысты. ДМББФ вебинарының тақырыбы: «ДМББФ көзқарасы: 2020 жылғы пандемияның аккредиттеуге және медициналық білім беруді жүзеге асыруға әсері». Онлайн семинарда пандемияның медициналық жоғары оқу орындарын аккредиттеуге әсер ету мәселелері, медициналық білім берудегі қашықтықтан оқыту стандарттары, аккредиттеу агенттіктерін тану бойынша ДМББФ бағдарламасының өзгерістері мен толықтырулары талқыланды.

ДМББФ президенті, профессор Дэвид Гордон басшылығымен, ДМББФ әкімшілігінің қолдауымен іс-шара өтті.

Сарапшылар тобының құрамында:
  • Профессор Жанет Грант, ДМББФ арнайы кеңесшісі, Лондон, Ұлыбритания;
  • Д-р Джек Буле, ғылыми жұмыс және ақпараттық ресурстар бойынша вице-президент, FAIMER Филадельфия, АҚШ;
  • Д-р Азим Мирзазаде, Тегеран медициналық университетінің доценті, Тегеран, Иран;
  • Профессор Майкл Филд, Сидней университеті, Австралия, ДМББФ асессоры.
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu