Медициналық білім беруді аккредиттеу: халықаралық және ұлттық мәнмәтіні және келешегі

АЕО мен Медициналық білім берудің бүкіләлемдік федерациясының ынтымақтастығы аясында Астана қаласында AFMC президенті және МБББФ Бас кеңесшісі ЖЕНЕВЬЕВ МОНЭнің «Медициналық білім беруді аккредиттеу: халықаралық және ұлттық мәнмәтіні және келешегі» атты семинары болды

2018 жылдың 5-6 қазанында Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығының (Астана қ.) базасында «Медициналық білім беруді аккредиттеу: халықаралық және ұлттық мәнмәтіні және келешегі» атты» атты халықаралық семинары өтті. Халықаралық семинарға интерндер мен резиденттер білім алатын (медициналық университеттер, ЖОО, Ғылыми орталықтар және институттар) 17 медициналық білім беру ұйымдарынан 30 оқытушылар-клиницистер және қызметкерлер қатысты. Семинар АЕО-ның 2017-2020 ж.ж. арналған Стратегиялық жоспарының шегінде Медициналық білім берудің Бүкіләлемдік Федерациясымен ынтымақтастық аясында Білім беруді және денсаулық сақтауды сапамен қамту бойынша Еуразиялық орталығымен ұйымдастырылды. Семинардың спикері Женевьев Монэ (Geneviève Moineau), Канада дәрігерлерінің Корольдік колледжінің (FRCPC) мүшесі, Канада медицина факультеттері Ассоциациясының Бас орындаушы директоры және Президенті (AFMC), Медициналық білім берудің Бүкіләлемдік Федерациясының Бас кеңесшісі (WFME).

2 күндік семинар барысында қатысушылар Канададағы медициналық білім беруді аккредиттеу тәжірибесімен, дәрігерлерді даярлауды сапамен қамтамасыз ету үдерісінде AFMC рөлімен танысты, МБББФ –мен өңделген дипломнан кейінгі білім беру және базалық медициналық білім беруді аккредиттеудің Халықаралық стандарттарына, сонымен қатар аккредиттеу барысында студенттерді және білім алушыларды тартудың рөліне көбірек көңіл бөлінді. Семинардың өзекті тақырыптарының бірі Канададағы Үздіксіз кәсіби білім беруді (ҮКББ) және Үздіксіз медициналық білім беруді аккредиттеу тәжірибесі болып табылды, сонымен қатар дәрігерлерді үздіксіз кәсіби дамыту сапасын жақсарту бойынша МБББФ халықаралық стандарттарын талқылау болып табылды.

Оқыту барысында проф.Женевьев Монэ білім берудің әртүрлі деңгейі (базалық, дипломнан кейінгі және ҮМББ) бойынша АЕО аккредиттеу стандарттарының талдамалары бойынша тәжірибелік топтық жұмысын өткізді, сонымен қатар кіші топтарда «негізгі (базалық) стандарттардың ішінде қайсысын түсіндіру қиын және неге қиын?», «Қазақстанда ҮМББ/ҮКББ аккредиттеудегі мүмкіндіктер қандай?», «ҮМББ/ҮКББ аккредиттеудегі кедергілерді қалай жоюға болады?» секілді сұрақтар бойынша жұмыс жүргізілді. Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға Медициналық білім беруді аккредиттеу бойынша сарапшылар сертификаты берілді.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu