ББДССҚжАЕО қызметкерлері 2018 жылдың 22-25 наурызында...

ББДССҚжАЕО қызметкерлері 2018 жылдың 22-25 наурызында Нагпур қаласында (Махараштра штаты, Индия) Жоғары білім беруді сапамен қамтамасыз етудің Азиялық-Тынықмұхиттық желісінің (APQN) жылсайынғы «Capacity Building for Next-Generation Quality Assurance in Higher Education» атты конференциясына қатысты.

ББДССҚжАЕО қызметкерлері 2018 жылдың 22-25 наурызында Нагпур қаласында (Махараштра штаты, Индия) Жоғары білім беруді сапамен қамтамасыз етудің Азиялық-Тынықмұхиттық желісінің (APQN) жылсайынғы «Capacity Building for Next-Generation Quality Assurance in Higher Education/Жоғары білім беруді сапамен қамтамасыз ету бойынша ұйымдардың жаңа ұрпағын жетілдіру мүмкіндіктері» атты конференциясына қатысты. Қабылдаушы жақтар Шри Шиваджи ғылыми-білім беру колледжі (Shri Shivaji Education Society Amravati’s Science College) және Дханвате Ұлттық колледжі (Dhanwate National College) болып табылады. https://www.apqn.org/"/

APQN дәстүрлі конференциясы аккредиттеу агенттіктерін, оқу орындарының өкілдерін біріктірді және Азиялық-Тынықмұхиттық аумақтардағы елдердің жоғары білім берулерін сапамен қамтамасыз ету бойынша негізгі сұрақтарды талқылауға арналды.

Үш күн барысында бірнеше сессия өтті. Онда аккредиттеуші агенттіктердің Жоғары білім беруді сапамен қамтамасыз етудің Азиялық-Тынықмұхиттық тізіліміне (APQR) кіру сұрақтар, аккредиттеуші сарапшылардың әлеуетін жоғарылату, институционалды және бағдарламалық аккредиттеуді жақсарту бойынша мүмкіндіктер, жоғары оқу орындарын сапамен қамтамасыз ету үдерісін жетілдіру бойынша сұрақтар, сонымен қатар трансұлттық білім берудегі аккредиттеудің рөлі талқыланды.

ББДССҚжАЕО қызметкерлері қонақ ретінде «Сапамен қамтамасыз етудегі халықаралық ынтымақтастық» номинациясы бойынша жеңімпаздарды марапаттау және олардың тізілімдік сарапшыларының сыртқы бағалауының қорытындысы бойынша Ресейдің аккредиттеу агенттіктерінің APQR – ға кіруі туралы шешімді жариялау салтанатына қатысты.

ББДССҚжАЕО үшін APQN-мен ынтымақтастықта болу отандық білім беру бағдарламаларының Азиядағы және Жақын және Орта шығыстағы қажеттілігімен маңызды, сонымен қатар шетелдік білім алушылардың көпшілігі, ерекше атап айтқанда Қазақстан медициналық ЖОО-да Үндістан, Пәкістан, Қытай, Моңғолия, Иордания, Ауғанстан және осы аймақтардағы басқа да елдерден кездеседі.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu