Print this page

Мейіргерлік білім мен практиканы дамытудың перспективалары

Rate this item
(0 votes)
PHOTO-2025-04-06-13-10-08.jpg

«Мейіргерлік білім мен практиканы дамытудың перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында қосымша және бейресми білім беруді аккредитеу (үздіксіз кәсіби даму) бойынша сарапшыларды дайындау бойынша дөңгелек үстел, 4 сәуір 2025 ж.

2025 жылғы 4 сәуірде Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы (АЕО) «Қосымша және бейресми білім беруді аккредиттеу мәселелері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – жоғары медициналық колледждердің академиялық қауымдастығының өкілдерін, студенттерді және тәжірибелік денсаулық сақтау саласының мамандарын қоса алғанда, қосымша және бейресми білім беруді аккредиттеу бойынша сарапшылардың рөлін айқындау және түсіндіру болды.

Семинар барысында институционалдық аккредиттеудің мақсаттары мен міндеттері, білім сапасын бағалаудың негізгі үдерістері, сондай-ақ сарапшылардың институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті дәлелдейтін айғақтарды жинау үшін қолданатын әдістері талқыланды. Бұл стандарттарды АЕО денсаулық сақтау саласының мамандарына арналған үздіксіз кәсіби дамудың сапасын арттыру жөніндегі Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының (WFME) халықаралық стандарттары негізінде әзірледі.

Семинарға Қазақстанның 19 жоғары медициналық колледжінің басшылары мен қызметкерлері, Қазақстан медициналық колледждері одағының өкілдері, тәжірибелік денсаулық сақтау саласының мамандары және студенттер қатысты.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Аталған іс-шара АЕО-ның 2023–2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары шеңберінде, сондай-ақ АЕО-ның медициналық, фармацевтикалық және мейіргерлік білім беру салаларында аккредиттеу бойынша сарапшылардың құзыреттерін арттыру бағытында жүзеге асырылды.