Print this page

Азиялық-Тынықмұхиттық желісінің хабаршысында (APQNews)

Rate this item
(0 votes)

2021 жылдың 30 маусымында жоғары білімді сапамен қамтамасыз етудің Азиялық-Тынықмұхиттық желісінің хабаршысында (APQNews), 23-шығарылым, 2021 жылдың 18 мамырында өткен “Жоғары білім беруді сапамен қамсыздандырудағы білімгерлердің үлесі” вебинары туралы мақала жарияланды. Естеріңізге сала кетсек, вебинар білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығының бастамасы бойынша және Жоғары білімді сапамен қамтамасыз етудің Азиялық-Тынықмұхиттық желісі және Медицина Жастарының Халықаралық Федерациясының (IFMSA) мүшесі Қазақстан Медицина Жастары Ассоциациясының (KazMSA) қолдауымен ұйымдастырылған.

Вебинар Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерін аккредиттеу мен ішкі сапамен қамсыздандыру процестеріндегі студенттердің рөлі мен ықпалын нығайту мәселелерін оқытуға бағытталған АЕО-ның іс-шараларының бірі болды.

Іс-шарада АЕО-ның студенттерді білім берудің ішкі және сыртқы сапамен қамсыздандыру үрдістеріне тарту тәжірибесі ұсынылды.

APQNews - APQN мүшелерінің сапамен қамсыздандыру саласындағы жаңалықтарымен және оқиғаларымен бөлісетін жарты жылдық мерзімді хабаршысы.

“Students’ QA contribution: ECAQA Vision and Experience” мақаласының толық мәтіні (ағылшынша) төменде бекітілген. [Файлды жүктеу]