Print this page

АЕО мен сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық агенттігі (The European Quality Assurance Agency - EQAA) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум

Rate this item
(0 votes)

2019 жылғы 16 қазанда Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы, сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық агенттігімен (The European Quality Assurance Agency - EQAA) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. АЕО атынан Бас директор Сәуле Сәрсенбаева және EQAA басқарушы директоры профессор Бастиан Бауман (Bastian Baumann) Меморандумға қол қойды.

EQAA жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуді жүргізетін бірінші халықаралық агенттік болып табылады. Еуропалық жоғары білім кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету бойынша стандарттар мен нұсқаулықтарды EQAA өз қызметінде қолданады. https://eqaa.eu/en/.